Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шәкірттеріміз №4 кітапханада қалалық деңгейде іс-шарада
28
сентябрь
2022
Шәкірттеріміз №4 кітапханада қалалық деңгейде іс-шарада
      Қарттар күніне орай №4 кітапханада қалалық деңгейде іс-шара өткізілді. Мерекелік бағдарламаға М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ұстазы Сымбат Спандиярқызының жетекшілігімен 9-сынып оқушылары барып қайтты. Ардагерлермен кездесу барысында оқушылар жыр-шумақтарынан шашу шашып, ізгі лебіздерін арнады. Ақылы асқан дариялардың ақыл-кеңестерін тыңдап, тағылымы мол кештің куәгерлері болды.
«Отбасымен кітап оқимыз» отбасылық  марафоны
12
сентябрь
2022
«Отбасымен кітап оқимыз» отбасылық марафоны
            Кітап - адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Біліммен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін-тәрбие құралы.Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап — ақылына ақы сұрамаитын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамшысы-кітапта,оған қол жеткізу үшін кітапты оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге»деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.Соңғы уақытта халқымыз осындай жан азығынан, рухани
«Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел
13
июнь
2022
«Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел
     Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз. Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында М.Мақатаев атындағы №140 гимназия
"Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы
23
май
2022
"Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы
       23 мамыр күні №4 орталықтандырылған қалалық кітапханада ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, "Ыбырай Алтынсарин", "Үздік педагог" төсбелгілері мен "Құрмет" орденінің иегері Сафура Сәлімбайқызы Темурбаеваның шығармашылығы бойынша "Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға қатысушылардың ішінде ұстаз да, студент те, оқушы да кездеседі. Ақын өлеңдерінен жырдан маржан төгіп, әннен шашу шашқан қатысушыларға жүлделі сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Мектебімізден
«Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы
23
май
2022
«Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан
    «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы аясында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 2022  жылдың   21 мамыр күні Алматы қаласы Білім басқармасы  және Педагогикалық Ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты: білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің бойына ұлттық тәрбиені сіңіру.
«Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбындағы үш тілді эссе байқауы
13
апрель
2022
«Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік жыр»
     Ақиық ақын М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай «Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен 10-11-сынып оқушыларының арасында өткен «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбындағы үш тілді эссе байқауында Жадыра Аделя І орынмен, Қамбар Назерке ІІ орынмен, Рахымжан Тоғжан ІІІ орынмен марапатталды. Оқу орталығының жүлдегерлерге арнаған ең маңызды сыйлығы кез келген қызметті (тіл үйренуді) тегін ала алады. І орын алған Аделя ағылшын тілін 1 ай тегін үйренуге жолдама алды. Ал Назерке 50% және Тоғжан 30%
“Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып жұмыс жүргізудің нәтижелілігі” тақырыбындағы семинар
06
апрель
2022
“Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып
    06. 04. 2022 жыл. Республикалық семинар. Республика көлеміндегі іс-шараны өткізу қаламыздағы М. Мақатаев атындағы №140 гимназияға жүктелген. “Тойдың болғанынан боладысы қызық” – дегендей, жауапкершілікті сезінген мектеп ұжымы ә дегеннен дайындықты бастап кетті. “Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып жұмыс жүргізудің нәтижелілігі” тақырыбындағы семинарға келген қонақтарды мектеп оркестрмен қарсы алды. Тамылжыта түрлі күйде қалықтаған аспаптар үні келген жанның
Аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауы
01
апрель
2022
Аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауы
     Ақиық ақын Мұқағалидың шығармашылығына арналған 7-11 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауының «Айтып өткен ақында арман бар ма?» кезеңінде 8-сынып оқушылары  Қадыржан Алинұр ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Аубакир Абзал бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі: Әбдіманап Нұрила Қанатқызы.   Ақынның отыздан астам өлеңдерін жатқа білетін шәкірттеріміздің шығармашылығы шыңдала берсін. Алар асуларыңыз таусылмасын дегіміз келеді. Ақиық ақын Мұқағалидың шығармашылығына