Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2022

Аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауы

     Ақиық ақын Мұқағалидың шығармашылығына арналған 7-11 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауының «Айтып өткен ақында арман бар ма?» кезеңінде 8-сынып оқушылары  Қадыржан Алинұр ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Аубакир Абзал бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі: Әбдіманап Нұрила Қанатқызы.   Ақынның отыздан астам өлеңдерін жатқа білетін шәкірттеріміздің шығармашылығы шыңдала берсін. Алар асуларыңыз таусылмасын дегіміз келеді. Ақиық ақын Мұқағалидың шығармашылығына арналған 7-11 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауының «Айтып өткен ақында арман бар ма?» кезеңінде Асан Диана І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Масимханова Жазира Ақылбекқызы.  Ақын есімімен аталатын мектептен байқауға қатысып, өлеңдерінен өнеге қалыптастырып жүрген шәкіртімізге шығармашылық шабыт тілейміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: