12
июнь
2026
Бағдарламада сұхбат берді
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 11-сынып оқушылары Бидахмет Дінмұхамед пен Саин Жансая «Koremiz Show» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді. Сұхбат барысында түлектер мектеп бітірушілер тарапынан жүзеге асырылған игі істер туралы айтып, өздерінің болашаққа қойған арман-мақсаттарымен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп өмірінен алған әсерлері мен алдағы жоспарлары жөнінде ойларын ортаға салды. Оқушыларымызға жарқын болашақ, биік белестер мен барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!





