Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лагерь оқушылары «Фауна» түйеқұс фермасына танымдық экскурсия жасады
05
июнь
2026

Лагерь оқушылары «Фауна» түйеқұс фермасына танымдық экскурсия жасады

Алматы қаласы Бостандық ауданы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның «Балдәурен» жазғы лагерінің оқушылары «Фауна» түйеқұс фермасына танымдық экскурсия жасады.

Экскурсия барысында балалар әлемдегі ең ірі құстардың бірі – африкалық түйеқұстармен жақынырақ танысты. Олар түйеқұстардың тіршілік ету ерекшеліктері, қоректенуі, өсіп-жетілуі және күтімі туралы қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ фермадағы жануарларды бақылап, табиғат әлемі туралы танымдарын кеңейтті.

Танымдық сапар оқушылардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, олардың білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен оралып, ұмытылмас әсер алды. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: