Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Балдәурен” жазғы лагері өз жұмысын бастады
01
июнь
2026

“Балдәурен” жазғы лагері өз жұмысын бастады

Мектебіміз жанындағы «Балдәурен» жазғы  лагері алғашқы күннен-ақ балалардың шаттыққа толы күлкісімен есігін айқара ашты. Лагерьдің басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, денсаулықтарын нығайту және бос уақыттарын қызықты өткізу.

Алғашқы күні балаларды таныстыру, топқа бөлу, қызықты ойындар мен сергіту сәттері ұйымдастырылды. Лагерь қатысушыларын алдағы уақытта  танымдық іс-шаралар, шығармашылық байқаулар, экскурсиялар мен көңілді кездесулер күтуде.

«Балдәурен» лагері әр бала үшін достыққа, жаңа әсерлерге және жарқын естеліктерге толы жазғы демалыс алаңына айналмақ.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты күндер және ұмытылмас әсер тілейміз!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

15 июнь 2023 Жазғы лагерь
07 июнь 2023 Жазғы лагерь
06 июнь 2023 Жазғы лагерь