Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
октябрь
2024

МУЗЕЙ - АДАМ ЖАНЫНЫҢ РУХАНИ ТАРИХЫ

Күзгі каникул бастала салысымен ШЖҚ “М.Мақатаев атындағы #140 гимназия” МКК-нің 9 “Г” сынып оқушылары Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына экскурсия ұйымдастырып, театр өмірімен танысып қайтты. Танымдық шараны аталған сыныптың бір топ оқушысы мәдени орынның тарихынан танысудан бастады. Экскурсияда театрдың барлық бөлімдері — грим бөлімі, дыбыс бөлімі, жарық бөлімі, костюм бөлімі, реквизит бөлімдері таныстырылды. Сондай-ақ, оқушылар театр және кино әртісі — Динара Нұрболатпен сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Соңында театр тынысымен толықтай танысқан сынып оқушылары мәдени мекеменің әкімшілігіне осындай пайдалы экскурсия үшін өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: