Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2021

Пікірсайыс турнирі

     Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қолдауымен мектеп оқушылары арасында пікірталас қозғалысын дамыту мақсатында гимназиямыздың 9-сынып оқушылары арасында «Мұзбалақ», «Мақатаев ізбасарлары», «Ақиық» командалары құрылып, аудандық, қалалақ пікірталас турнирлеріне қатысып, бақтарын сынап келеді. Осы орайда 16-қазан Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Алматы дарыны» орталығының қолдауымен М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде, аудан мектептерінің үздік пікірсайысшылары арасында  пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі болып өтті. Әр ауданның сайдың тасындай кіл мықтылары бас қосқан  турнир, өте жоғары деңгейде  өтті. Шәкірттеріміз іріктеу ойындарыннан 3 жеңіспен өтіп, ¼ ширек финалға жолдама алды. Турнир нәтижесі бойынша гимназияның "Мақатаев ізбасарлары" командасы жүлделі 3-орынды иеленіп, Нүсіпбек Тоғжан «Ең үздік оратор» номинациясына ие болды. Шәкірттеріміздің әрқашан жолдары ашық болып, асықтары алшысынан түссін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: