Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2020

М. МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №140 ГИМНАЗИЯНЫҢ ТАРИХЫ


       














   







     Алматы қаласындағы өнегелі тарихымен ерекшеленетін білім ордаларының бірі – М. Мақатаев атындағы №140 гимназия. 1990 жылы іргетасы қаланған М. Мақатаев атындағы №140 гимназия Алматы қаласындағы №65 орыс тілді мектептен халық депутаттары қалалық Советі Атқару комитетінің шешімімен бөлініп ашылды. Гимназияда мектеп директоры қызметін 1990-1993 жылдар аралығында Қарлығаш Оразқызы Ұзақова, 1993-1994 жылғы оқу жылында Мариям Есжанқызы Демеуова, 1994-2001 жылдар аралығында Талғат Шайхисламұлы Баймұхамбетов, 2001-2006 жылдар аралығында Әкімжан Әбдіхалықұлы Сайлыбаев, 2006-2008 жылдар аралығында Жанас Нұртілеуұлы Салпынов атқарды. Бұл басшылардың игі бастамалары бүгінгі күнде жалғасын табуда. 2009 жылдан бері аталмыш білім ордасын Тілеубай Сәния Өскенбайқызы басқарып келеді. «Өмір – өзен, тоқтамайды ағысы» демекші, содан бері 30 жыл жылжып өте шығыпты. 1996 жылға дейін математика-физика, химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытып келген гимназияда 1997 жылдан бастап математика, ағылшын, физика, қазақ тілі пәндері тереңдетіліп оқытылатын сыныптар ашылды. Тіл өнерінің құдіретін таныған, ойын өлеңмен өріп, күллі жұрттың жүрегіне жол тапқан, ақиық ақын М. Мақатаев атындағы №140 гимназия 30 жылдық тарихында көптеген шәкірттерді «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерін, түрлі байқаудың жеңімпаздарын тәрбиелеп ұшырды. Ширек ғасырдан асқан осы жылдар аралығында №140 гимназия кешенді даму жоспарын жасап, талай игі істерге ұйытқы болып келеді.
        Қазіргі таңда бұл білім ордасы  Алматы қаласы бойынша 2015 жылы «Үздік мектеп», 2016 жылы республика бойынша «Дарынды балаларға арналған үздік білім беру ұйымы» атағын жеңіп алған, кәсіби шебер ұстаздар мен дарынды шәкірттердің құтты мекені. Гимназияның айтулы жетістіктерінде гимназия  директоры С.Тілеубайдың ұйымдастыру шеберлігі, кәсіби біліктілігі, іскер басшылығының  қолтаңбасы бар.  Дарынды шәкірт тәрбиелеуші талантты ұстаздар - қала, республика көлемінде өткен «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі», «Үздік оқырманы», «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі», «Сөз мерген», «Алтын көмбе», «Үздік авторлық бағдарлама», «Білгірлер бәйгесі», «Тілдарын», «Үздік педагог», «Қала Әкімі гранты» байқауларының  жүлдегерлері қызмет етеді. Олардың ішінде, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздік қызметкері», «Ы.Алтынсарин», «Лидер образования», «Үздік педагог» төсбелгілерінің иегерлері, ҰБТ, оқулық сарапшылары мен  ҰБТ сұрақтарын құрастырушылар, апелляциялық комиссияның, Білім сапасын сырттай бақылау комиссиясының, оқулықтарды сараптау комиссиясының, көптеген әдістемелік құралдардың, оқулықтардың, көмекші құралдардың авторлары да бар. 2020-2021 жылғы оқу жылында шығармашылықты шыңдайтын бұл шеберханада 75 сынып комплектісімен 2235 шәкірт онлайн білім алып жатса, білімі мен білігі келіскен дені жастардан құралған 150 мұғалім еңбек етіп жатыр. 2020-2021 оқу жылында бала санының күрт өсуіне орай мектеп жанынан қосымша 300 орындық ғимарат салынды. 2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен, ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығымен  тұспа-тұс білім ордасының 30 жылдық мерейлі мерекесі тойланғалы отыр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: