Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі бақылау – өзін-өзі дамыту» қалалық семинар
04
март
2019

«Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі бақылау – өзін-өзі дамыту» қалалық семинар

М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұстаздары «Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі бақылау – өзін-өзі дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізді.


Ұстаз - үздіксіз ізденісте жүретін шығармашыл тұлға. Әлемдік жаңалықтардан хабары бар, жаңа форматтағы ұстаздар - коучтар, тәлімгерлер, тәлім алушылар, жоба жасайтын әрі оны қорғай білетін, жігерлі тұлға, бір сөзбен айтқанда, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті басым мамандар.
Іс-тәжірибе алмасау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш семинарға Алматы қаласы Білім басқармасы мамандары, ҒӘЗ Қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, Бостандық ауданы білім бөлімі мамандары, мектеп басшылары мен мектеп басшыларының орынбасалары, білім мекемелерінің мұғалімдері, жалпы жиыны 200 мұғалім қатысты.
Семинар барысында оқушыларға білімді дайын күйінде бермей, керісінше оқушылардың белсенділігіне, ойлануына мүмкіндік жасау керектігі баса айтылды. Осы орайда, ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзі еске түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Көшбасшы мұғалімдер өздерінің - жан-жақты тұлға, бала тәрбиелеудің бағбаны, қоғам қайраткері, жаңалықты дәріптеуші, таратушы әрі сарапшы, өзін-өзі дамытушы екендерін көрсетті. Семинар барысында әріптестік ынтымақтастықта сабақ жоспарын жаңаша үлгіде түзетін көшбасшылар жаңа технологияларды оқыту процесіне енгізілуін қамтамасыз етудің тиімділігіне тоқталды. Гимназияның оқу-тәрбие жоспарына енген бірнеше жобаның таныстырылымын жасады. Сондай-ақ, ұстаздар мен оқушылар «Жобалар керуенінің» шеруін жасады.
Әдістемелік тұрғыда қаруландыратын бұл семинар 3-кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде гимназия директоры С.Тілеубай «Гимназия: кеше, бүгін, ертең», директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Темурбаева «Гимназияны басқару менеджменті», А.Баймұратова «Гимназия оқушыларының сыныптан тыс уақытының ұйымдастырылуы» тақырыбында ой бөлісті.
Семинардың 2-кезеңінде 200 мұғалім 7 секция бойынша: «Үздік кабинет», «Үздік ашық сабақ», «Үздік сынып», «Үздік ғылыми жоба», «Үздік жас маман», «Үздік тәлімгер», «Үздік әдістемелік» жобаларының таныстырылымын тыңдады.
3-кезеңде гимназияішілік көркемөнерпаздар үйірмесінің «Дарынды шәкіртке – талантты ұстаз» тақырыбындағы концертін тамашалап, соңында АКТ арқылы керібайланыс жасап, семинар туралы пікірлерімен бөлісті.
Екінші кезең нәтиежесі бойынша «Үздік кабиент», «Үздік ашық сабақ», «Үздік сынып», «Үздік ғылыми жоба», «Үздік жас маман», «Үздік тәлімгер», «Үздік әдістемелік бірлестік» жобалары барша ұстаздардың көңілінен шығып, өз тәжірибесінде қолдануды қажет ететін, тиімді жоба ретінде мақұлданды. Үйірме жетекшілерінің шәкірттерімен бірге көрсеткен шығармашылық концерт, «Ұстаз, оқушы, ата-ана» үштігінің жұмысы - шынайы шығармашылықтың көрінісі ретінде қатысушылардың көңілінен шықты.
























































































Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: