Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлымен кездесу
16
октябрь
2019

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлымен кездесу

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ата-аналарымен,  ұстаздарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Қайыржан Ахметбекұлы ата-аналар  мен ұстаздардың сауалдарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.  Мектеп қабырғасынан  оқушылардың бойына  сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу,  пара алмау, пара бермеу секілді адами құндылықтарды сіңіру керектігі айтылды. «Балаларыңыз үшін кеткен шығынға мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшілерінің ешқандай қатысы жоқ. Оқушы ретінде  жеке басына қатысты заттарға кеткен шығындарды мектепке артып, ілік іздеу орынсыз» деп ата-аналар ойларын айтты.  Шара барысында білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының сақталуы туралы сөз қозғалды. Түсіндірме жұмыс барысында Қамқоршылық кеңеске  ата-аналар тарапынан  жасалатын демеушілік жұмыстарды  жандандыру керектігі де  айтылды.  

       Шара соңында түсіндірме жұмыстарын жүргізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлына  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ата-аналары мен ұстаздары алғыстарын білдірді. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: