Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті.
25
октябрь
2019

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында

2019 жылдың 25 қазанында, соның ішінде Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда  «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты - отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, әр отбасындағы бала еліміздің ертеңі,ел тұтқасын ұстайтын, ел мүддесін қорғайтын тұлға болып қалыптасуы жолында, отбасының рөлі, әсіресе, әке мен ананың тәрбиесі  мен тәліміндегі жауапкершілік болса, міндеті – отбасы құндылықтарын қалыптастырудағы патриоттық және азаматтық тәрбиені қалыптастыру. 

            Гимназия ұстаздары бұл сынып сағатына ерекше мән берді. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда отбасының, соның ішінде өкінішке орай әкелердің рөлінің төмендеуі, аналардың жалғызбасты болуы, ата мен  әженің тәрбиесінің де орыс тілді болып кетуі кім-кімді де алаңдатып отырғаны рас. «Не ексең, соны орасың», «Шешеге қарап, қызын ал», «Әке көрген оқ жонар», «Атаңа не істесең, алдыңнан сол келер», «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без», «Қызға қырық үйден тыйым» деген бабаларымыздан қалған даналы нақылдардың қаншалықты маңызды екендігін өмір көрсетіп отыр. Сынып сағатына көп балалы аналарды, айтары бар, көргені бар аталар мен әжелерді, еліміздің танымал ардақты азаматтарын шақырып, ой бөлістік. 

Аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген спортшы - Ардақ Құттықожаұлы Назаровпен гимназияның 9,10,11 сынып ұлдары мен қыздары арасында өткен сынып сағаты оқушыларға ерекше ой тастады. «Бүгінгі жастар, айналайындар, сіздер де ертеңгі ата-анасыздар! Ата-ананың қадірін біліңіздер, сыйлаңыздар, үлкенге – құрмет, кішіге - ізет жасап жүріңіздер! Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Білімді болыңыздар, білім керек.Бүгін телефоннан мүмкін көшірерсің, ал, ертең ше... Білімді жастар қазір ойып тұрып, жұмысқа орналасып, еңбектеніп жатыр. Жең ұшынан жалғасатын заман жоқ. Адал болыңдар, әділ болыңдар! Еңбектене біліңдер, қазір кітап оқып, артығырақ дайындалсаң, ертеңгі күні ата-анаңа, бірге туған бауырларыңа, ағайын-туғаныңа, халқыңа қамқор бола аласың. Ол үшін еңбектену керек. Арттарыңнан келе жатқан іні-қарындастарыңа ағалық-апалық ишарат көрсетіп, үлгі бола біліңдер. Кез –келген адам игі істер жасайтын болса, қоғамда сыйлы болары хақ. Сол себепті барлық жақсы амалдарды әркім өзінен бастауы керек» - деген Ардақ ағаларының жүрекжарды ақыл-кеңесі оқушыларға үлкен ой салды. Сынып сағаты соңында, оқушылар осы бір кездесудің жалғасы болса деген өз тілектерін білдірді. 

1-8 сыныптар аралығындағы ата-әже, әке-аналармен болған сынып сағаттары да, оқушыларды отбасын сүюге, менің отбасым – менің мақтанышым, тірегім, жеңісім, менің әкем, анам – керемет, олар менімен, мен  олармен бақыттымын дегенді жас ерекшеліктеріне қарай қабылдап, сурет салып, ойтолғауларымен бөлісті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: