Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқығын білген қор болмас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
05
октябрь
2021

«Құқығын білген қор болмас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары

    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 05.10.2021-12.10.2021 қазан аралығында, 5-11 сыныптар арасында «Құқығын білген қор болмас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті. Гимназия директоры С.Ө.Тілеубай, саяси өмірдің әртүрлі мәселелерін кәсіби әрі терең түрде түсіну, қоғамдағы келеңсіз оқиғалардан сақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу сынды мәселерлерді көтеріп, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қарастырды. Жасөспірімдік шақ – есею, жетілу, мүмкіншілік кезеңі. Бұл кезеңде өзгерістер, әсіресе өзара қарым – қатынастағы мәселелер жедел түрде дамып, өкінішті оқиғаларға, келеңсіз жағдайларға себеп болып жатады. Осыған орай, гимназия психологы А.Қарабала оқушылардың тәрбиелік және құқықтық білім деңгейін тексере отырып, психологиялық ахуал ұйымдастырды. Сұрақ-жауап, жағдаят шешу сияқты бірлесе атқарылған іс-шара, оқушыларға сауатты негіз бен мықты білік қалыптастыруға себепкер болды. Жиналыс өте жоғары деңгейде өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: