Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз Интернет» тақырыбында тәрбие сағаты
13
апрель
2021

«Қауіпсіз Интернет» тақырыбында тәрбие сағаты

    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда, 9-15 сәуір аралығында Халықаралық интернет күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. 
 Іс-шара мақсаты: кәмелетке толмағандардың, оқушылардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу. Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату. Аталған іс-шараға гимназиямыдың 1-10 сынып оқушылары қатысты. Іс-шаралар бірнеше бағытта жоспарланды.
Атап айтсақ, 9-сәуір күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Адам виртуалды кеңістікте» тақырыбы аясында эссе байқауы өткізілді. Оқушылар интернет желісі туралы өз ойларын қаламмен өрнектеді. Байқау кезінде оқушылар өз ойларын нақты дәлелдей білді. Интернет тек қана өз білімін дамытып, социум ортасына бейімделуге әрі болашаққа ұмтылу үшін қажет екенін ескере отырып, оның зиянды және жақсы жақтарын ажыратты.
13-сәуір күні 1-10 сынып оқушылары үшін «Қауіпсіз Интернет» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз мүмкіншіліктерін түрлі кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындай отырып, интернеттің пайдасы мен зияны туралы түсінік қалыптастырды. Берілген сұрақтарға нақты жауап беру жалпы компьютердің адам ағзасына қандай зиян келтіретінін түсінді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға интернет туралы толық мәліметтер берілді. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар сынып сағатына белсене атсалысып, мұғалім берген тапсырмаларды орындап жағдаяттарға жауап берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: