Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бостандық ауданына қарасты мектеп оқушылары арасында пікірсайыс
20
сентябрь
2021

Бостандық ауданына қарасты мектеп оқушылары арасында пікірсайыс

      Қыркүйек айының 18-жұлдызында Бостандық ауданына қарасты мектеп оқушылары  арасында пікірсайыс ойындары болып өтті. Пікірсайыс қазақ және орыс лигасында ұйымдастырылды. Пікірсайыста біздің  гимназия оқушылары да бақ сынады.  Іріктеу төмендегідей қарарлардан тұрды. 
1.БП карантиндік тәртіпті сақтауда ең озық тәжірибе көрсеткен елді көрсетеді
2.БП колледждерді жабу керек деп есептейді. Гимназиямыздың оқушылары іріктеуден сүренбей өтіп, финалдық кезеңге жолдама алды. 
      Финалдық кезең қарары -  БП XXI ғасырдағы ең үздік мамандықты көрсетеді. М.Ганди атындағы 92 мектеп оқушылары мен М. Мақатаев атындағы 140 гимназия оқушылары 1-орынды сарапқа салды. Турнир нәтижесі бойынша гимназия оқушылары Нүсіпбек Тоғжан мен Иемберген Бинура жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, 1-орын алды. Сонымен қатар “Үздік спикер” номинациясын да 
Нүсіпбек Тоғжан иеленді. 
     Шәкірттеріміздің әрқашан жолы болып, алшықтары алшысынан түссін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: