Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2021

Халықаралық “Antalya International Cup” турнирі

        Гимназия оқушылары халықаралық турнир жеңімпаздары атанды. Сәуір айының 1-5жұлдызы аралығында Түркия елінде футболдан Халықаралық “Antalya International Cup”  турнирі болып өтті. Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен командалар келіп, өз бақтарын сынады. Солардың қатарында біздің елдің, біздің мектептің оқушылары да бой көрсетті. Мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушысы Мұхтархан Алинұр (2010ж) мен   3 «Ә» сынып оқушысы Мұхтархан Абылай (2010ж) қатысты.  Мектебіміздің оқушылары Сирия, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Ливан, Азердбажан, Қырғызстан Тунис елдерінің футбол командаларына қарсы ойнап, финалда Қазастандық команда бір-біріне қарсы ойнады. Нәтижесінде «Джейран» фубол командасының 2010 жылғы спортшылары 1-орынға ие болып, 2-орынға 2011 жылғы спортшылары жайғасты. Осылайша, еліміздің қоржыны тағы бір 1-орынға толықты. Балаларды жаттықтырушылар Кешильбаев Аслан мен Абильдинов Нұрсұлтан мырзаға үлкен алғысызды білдіріп, дендеріне саулық, отбасына бақыт тілейміз. Жеңісті де, жемісті күндеріміз көп болсын! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: