Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасымен кітап оқимыз» отбасылық марафоны
12
сентябрь
2022

«Отбасымен кітап оқимыз» отбасылық марафоны

            Кітап - адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Біліммен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін-тәрбие құралы.Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап — ақылына ақы сұрамаитын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамшысы-кітапта,оған қол жеткізу үшін кітапты оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге»деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.Соңғы уақытта халқымыз осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатыр. Президентіміз :«Кітап оқу –рухани кемелденудің көзі.Қазіргі уақыт-секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн» Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым Министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп жобасын» қолға алды. «Оқуға құштар мектеп»жобасын еліміздегі мектеп кітапханаларының жұмысын дамыту арқылы жүзеге асыруды жоспарлаған болатын.
            Жоба аясында М.Мақатаев атындағы №140 гимназия кітапханасында 21 қыркүйек күні   4 «Д» сынып ата-аналарының қатысуымен  «Отбасы мен кітап оқимыз» отбасылық  марафоны өз жалғасын табуда. Бұл іс-шара арқылы кейінгі жастарға отбасылық ынтымақ пен татулықты дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттап, кітап арқылы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен. Демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін, «Менің сүйікті кітабым», «Менің сүйікті әдеби кейіпкерім» челлендждері ұйымдастырылып, оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын жолдады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: