Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел
13
июнь
2022

«Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел

     Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз. Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында М.Мақатаев атындағы №140 гимназия кітапханасында маусымның 13-і күні «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кітапханашы Нұрбике Қожахметқызы «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатаева Бақытгүл «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», диретордық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нусипхан Гүлнәз «Мәдениеттің мәйегі – кітап» тақырыбы аясында баяндама жасады. Қамбарова Бекзат Ғабитқызы оқушылар арасында «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында сторителлинг ұйымдастырды. Іс-шара оқушылардың таным көкжиегіне ерекше леп сыйлай білді деген ойдамыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: