Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында челлендж
15
май
2022

«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында челлендж

     15 мамыр бүкіләлемдік отбасы күніне орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. “Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталады” – демекші, әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі – отбасы екені сөзсіз. «Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді», - деген еді Елбасы. Осы орайда оқушылар «Мен отбасыммен бірге кітап оқимын», «Біздің отбасылық құндылықтар», «Менің отбасым» тақырыптары аясында әлеуметтік желілерге жазбаларын жариялай отырып, челлендж жолдады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: