Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2021

“Отбасы - ұлттың тірегі”

    Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.  15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, гимназиямызда, “Отбасы - ұлттың тірегі” тақырыбында, 8-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 
Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді таба аламыз. «Алты аға бірігіп - әке болмас, 
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту емес пе! Тәрбие сағатында,  болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы - отбасыға байланысты барлық құнды мәліметтер дәріптелді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: