Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2021

«Бір кітап – бір ел» атты онлайн викторина

       М.Мақатаев атындағы №140 гимнзияның 7 – сынып оқушыларымен  20 наурыз күні «Бір кітап – бір ел» атты онлайн викторина өтті. Шараның мақсаты оқушыларды білімге баулу, кітап оқуға шақыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Жалпы шараға  7-сыныптар арасынан іріктеліп 20 оқушы қатысты. Викторина 3 бөлімнен тұрды. Әр бөлімде 6 ұяшықтан.
Бірінші бөлім – «Сиқырлы сандық», білімге, кітапқа байланысты жұмбақтар
Екінші бөлім – «Әдеби туындылар», 7-сыныпта оқыған шығармалары бойынша сұрақтар
Үшінші бөлім – «Қай шығарма екенін тап», әдеби шығармалардан үзінді
Таңдаған тақырыптарына байланысты оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Барлық қатысушылар белсенді түрде жұмыс жасап, ойларын білдіріп, пікір алмасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: