Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "SABAQ.KZ" ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайты
27
январь
2021

"SABAQ.KZ" ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайты

«Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң, 
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, 
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.» - деп, Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай, білекке емес, білімге сенер заманда еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы - жастарымызды білім мен ғылымға баулу, ұстаздың ерен еңбегінен екені сөзсіз.
7-17 қаңтар аралығында Бастауыш сынып оқушыларының танымдық көзқарасын, ой –өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында, Республикалық www.sabaq,kz ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайтында, бастауыш сыныптар арасында қашықтық олимпиада өткізілген болатын.
Оқушыларлың есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді, озық ойлы жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыртатын «Үздік бастауыш сынып  оқушысы" олимпиадасында, жоғарғы нәтиже көрсетіп, оқ бойы озып шыққан, М.Мақатаев атындағы 140 гимназиямыздың ?-сынып оқушылары: Донаев Абылай, Мұрат Мақсұр, Тілләбек Айлин,  Даулет Сара,  Тансыков Дінмұхаммед, Тансыкова Томирис, Берекет Малика, Ахмет Батырхан, Жұмалипова Адеми, Шайхисламова Айзере, Асқарлы Батырхан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы оқушыларды олимпиадаға дайындаған аяулы ұстазымыз, Сыздыкова Ләззат Тұрысбекқызына алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: