Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
25
март
2022
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
 «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара       2022 жылдың 25 наурызы күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған классик, дала даналығын бесігінен сімірген дарабоз, өзгелер көре білмеген сырды, өзгелер өре білмеген жырды ұсына білген сөз ұстасы – М.Мақатаевтың шығармашылығы
«Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшәйрасы
25
февраль
2022
«Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр
   Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Алматы қаласының орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында өткізілген «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшәйрасында гимназия ұстазы Бәзілжанов Біржан Сәрсенқожаұлы жүлделі ІІ орынға ие болды. Жемісті жылдарыңыз, жеңісті күндеріңіз көбейе берсін, ағай! Шығармашылық шабыт тілейміз!
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,  Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» атты Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы
23
февраль
2022
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»
   Ақпан айының 23-і күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған мектепішілік «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,  Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» атты Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ақиық ақын М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді дәріптей отыра, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Қатысушылар ақын сөзіне жазылған "Қазағым", "Саржайлау”, “Бақыт деген”, "Құттықтаймын мама туған күніңмен", "Туған өлке", "Ана, сен
«МҰҚАҒАЛИ МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ» тақырыбында онлайн мәнерлеп оқу байқауы
19
февраль
2022
«МҰҚАҒАЛИ МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ» тақырыбында онлайн мәнерлеп оқу байқауы
    М.Мақатаевтың туған күніне орай №140 гимназия «RAIYAN STUDY» білім беру орталығымен бірлесіп,  ҚР білім беру ісінің үздігі, Құрмет орденінің иегері, өмірін білім беру саласына арнаған аяулы ұстаз Темурбаева Сафура Сәлімбайқызының шығармашылығынан «МҰҚАҒАЛИ МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ» тақырыбында онлайн мәнерлеп оқу байқауын өткізді. 1 тәулік ішінде Республика көлемінде өткен байқауға 46 үміткер қатысты. Үздік деп танылған 15 қатысушы марапатталды. Ұстаздықпен қатар шығармашылықты шыңдап жүрген
«Дүниежүзілік дауыс беру күні» аясында дөңгелек үстел
02
февраль
2022
«Дүниежүзілік дауыс беру күні» аясында дөңгелек үстел
  02.02.2022 күні гимназиямызда «Дүниежүзілік дауыс беру күні» аясында дөңгелек үстелдер өтілді. Аталмыш шараның мақсаты: «Дүниежүзілік дауыс беру күні» жайында ақпарат беріп, білімдерін толықтыру. Демократиялы елдің ең басты мүмкіншілігін қолдануға әрбір азамат пен азаматша құқылы екендігін ұғындыру.    Міндеті: Оқушылардың білім өрістерін, жан жақтылықтарын дамыту; әлем үшін айрықша есептелетін күндерді білуге, таным көкжиектерін кеңейтуге талпындыру. Оқушыларға «дауыс берудің» маңызы мен
Алматы қаласының Ұлттық кітапханасы
18
декабрь
2021
Алматы қаласының Ұлттық кітапханасы
    Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үлкен іс-шара өтілді. Бұл іс-шараға гимназиямыздың 3 «А» сынып оқушысы Болатхан Жанасыл мен 4 «Д» сынып оқушысы Боранова Адель  тәуелсіздік туралы өлең оқып, белсене атсалысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 
№29 балалар  кітапханасы
07
декабрь
2021
№29 балалар кітапханасы
     №29 балалар  кітапханасында Желтоқсан оқиғасына қатысқан ақын Аманғазы Кәріпжанәулеті және дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісовамен кездесу өтті. М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 3 "Г" сынып оқушылары және 3 "А" сынып оқушылары "Тәуелсіздік" тақырыбындағы өлең жолдарын тарту етті. Бұл кездесуде желтоқсан оқиғасы еске алынып, тәуелсіздік жолындағы батырлардың ерен еңбектері айтылды. Мәнді де мағыналы, патриоттық рух беретін салиқалы сыр шертілді. Аталмыш шара оқушылардың танымы мен сезіміне,