Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
25
март
2022

«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара

 «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара 
      2022 жылдың 25 наурызы күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған классик, дала даналығын бесігінен сімірген дарабоз, өзгелер көре білмеген сырды, өзгелер өре білмеген жырды ұсына білген сөз ұстасы – М.Мақатаевтың шығармашылығы дәріптелген іс-шарада Алматы қаласы білім беру ұйымдарының басшылары, ақын ұрпақтары, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен гимназияның зейнеткер ұстаздары бой көрсетті. Қадірлі ұстаздарымыз қазақтың жоралғысымен шашуын шашып қонақтарды қарсы алса, гимназия оркестрі құйылжыта сырлы әуенмен ортаға жан бітірді. Білікті де дарынды басшы Тілеубай Сәния Өскенбайқызының бастамасымен гимназия ұжымы ұйымдастырған кеш шымылдығын Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Жылқыбаева Ләззат Әуесханқызы құттықтауымен ашып, әлемді жаулаған қатерлі індет салдарынан кейінге шегерілген іс-шараның өтетініне қуанып, ақжарма ақ тілегін арнады. Білім мен тәрбиенің тал бесігіне айналған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия «ұстаз-ата-ана-оқушы» триадасын сақтай отырып, нағыз рухани сабақтастықтың озық үлгісін көрсете білді. Кеште шығармашыл ұстаздар мен оқушылар қауымы Мұқағали Мақатаевтың сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқыса, гимназия оқушыларының ата-аналарынан құралған «Әжелер» ансамблі мен үйірме жетекшілері, жас өнерпаздар мен түлектер ақын сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады. Сахналық қойылымнан бастау  алып, ән, би, күймен жалғасын тапқан шығармашылық кештің жоғары деңгейде өткендігі келген қонақтардың таңданысқа толы жүздері мен жанарларынан айқын аңғарылады. Кеш соңы игі жақсының ізгі тілегі мен ақын рухына бағышталып жайылған ақ дастарханға ұласты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: