Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара
28
декабрь
2021

«Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара

«Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара
2021 жылдың 28 желтоқсан күні гимназияның  Мәжіліс  залында мектеп бітіруші  түлектерге  арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мектебіміздің жылдағы үрдісіне орай бұл іс-шараны  жас түлектердің ізбасарлары, 10-сынып оқушылары ұйымдастырды. Биыл мектебімізді төрт 11-сынып бітіргелі тұр. Оларды шабыттандыру, жігерлендіру мақсатында   11 «В» сыныбы «Жігер» премиясымен, 11 «Б» сыныбы «Талап» премиясымен,                 11 «А» сыныбы  «Шабыт», ал 11 «Ә» сыныбы «Табыс» премиясымен марапатталды. Мектеп директоры Сәния Өскенбайқызы жас түлектерге жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта тапсыратын ҰБТ сынақтарынан сүрінбей өтіп, жоғары балл жинауларына тілектестігін білдірді. 10-сынып оқушылары өздерінің әндері,  билері, күйлері, ойындарымен жас түлектердің көңілін көтерді. Концерттің соңында Аяз ата мен Ақша қар мектептің жас түлектеріне естелік ретінде сыйлықтар  тапсырды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: