Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2021

Сыңғырла күміс қоңырау!

Бұл күн - «мектебім, ұстазым» деп көңіл қимастық кешкен күн.
Бұл күн – әжең, ақ жол тілеп, атаң, ақ бата берген күн.
Бұл күн – ата - анаң, қызым бой жетті, ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
Бұл күн – ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет қауышқан күн.
Бұл күн – арман қуып алысқа аттанған күн.
Бұл күн – жаңа өмір басталған күн.
Иә, бұл тояттамас сезім мен шынайы қимастықтың куәсі болған - 25 мамыр, соңғы қоңырау күні! Биыл, әлемді жайлаған қатерлі індет салдарынан, М.Мақатаев атындағы N140 гимназияда, осынау ерекше күн, қашықтан Zoom бағдарламасы арқылы ұйымдастырылды. Салтанатты жиын шымылдығын гимназия директоры, Тілеубай Сәния Өскенбайқызы, өзінің жүрекжарды тілігімен бастап, оқу жылының аяқталуымен барша оқушы, ұстаздар қауымын құттықтап, бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі. Іс-шара барысында, Мұқағали атамыздың сөзіне жазылған «Үш бақытым» әнімен гимназиямыздың талантты ұстазы, Біржан Сәрсенқожаұлы, құлақтың құрышын қандырар әуезді әнін әуелетті. Мың бұралған “Еркем-ай” қыздар би тобы өз өнерлерін паш етті. «Еркеназ» жетігеншілер ансамблі, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін орындады. Бітіруші сынып түлектері, Өсербай Өркен мен Серік Елдос құрбы-құрдастарының атынан білім ордасы мен барша ұжымға алғыстарын білдірсе, жетекшілері: Сафура Сәлімбайқызы, Камшат Мәлікқызы, Гүлсім Сейтқалиқызы, Меруерт Айталықызы, шәкірттеріне аяулы тілектерін арнады. Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Еңбек ері - Аягүл Миразова, құттықтау тілегін білдірді. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы мен келіні, Жұлдыз Мұқағалиұлы мен Бақыткүл Мақатаева, алып ақынның атын арқалаған гимназия шәкірттерінің алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, мектеп абыройын асқақтатар азамат пен азаматшалар болуын тілге тиек етті. Мектеп бітіргеніне 10 жыл толған, Гүлмира Уәлиқызының шәкірттері, ұшқан ұясына бас тіреп, барша ұстаздарын қуантып қайтты. Келген шәкірттерін ұстаздары ыстық ықыласпен қарсы алып, балалық шаққа саяхат жасатып, тест алып, мәз-мейрам болды. Соңғы қоңырау үні, сызыла, қиыла қалқып, баршаға сәттік қимастық сезімін сыйлады. Онлайн режимде ұйымдастырылған іс-шары, жоғары деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: