Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2021

«Таңғы Хабар» бағдарласы

     Шәкірт жүрегінен орын алған Ұстаз бақытты!
Ұядан ұшып, кетіп жатқан ӘР шәкірттің ойында, өмірінде мектеп өмірі, мұғалім келбетінің қалары сөзсіз .. Алайда, ыстық ықыласын арнайтын шәкірттер некен - саяқ болып жатады. М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың түлегі Алихан Байсултановтың Хабар телеарнасындағы «Таңғы Хабар» бағдарласында берген жүрекжарды сұхбаты, жылтыраған бұлақтың көзін ашып, дарияға айналуына себепші болған ұстаздарының көңіліне қуаныш ұялатқаны сөзсіз. Бұл гимназиямыздың барша ұстаздарының еңбегі!
«Әр бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» деген ұранды жалау еткен гимназия басшысы - Сәния Өскенбайқызының әр шәкірт жүрегіне еккен мейірім дәнінің жемісі, шәкірт жетістігің айғағы. 
Сыныптың сынып болуына, әр шәкіртіне тәрбие құйған, сананы уламай дұрыс витамин еге білген – Алиханның сынып жетекшісі - Сафура Сәлімбайқызының, ұстаздық жолындағы адал еңбегі, шәкірттері тарапынан әрдайым дәләлденіп келеді. 
Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктерін дамытуға атсалысып жүрген гимназиямыздың барша ұстаздарына педагогикалық  ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз! Жүрген жерінде мектебіне алғысын айтып жүретін шәкірттеріміз көбейсін!!!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: