Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық байқау
10
февраль
2021

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық байқау

    ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендердің тұтас легі өсіп келеді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Республикалық жасөспірімдер мен балалар арасындағы қашықтықтан ұйымдастырылған өнер байқауына «Театрланған қойылым»  бойынша М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың «Мұқағали» театры, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша «Жас толқын» фольклорлық ансамблі қатысты. Жоғары деңгейде өнер көрсеткен өнерпаздарымыз жүлделі  І дәрежелі диплом иегерлері атанып, мектебіміздің мәртебесін тағы да асқақтата түсті. 
Өнер байқауына белсене қатысып, егемен еліміздің ертеңін ойлайтын зерделі де зейінді, қабілетті де қайырымды, адал перзент, өнерлі шәкірт тәрбиелеген ұстаздарымыз: Тұяқбаев Бекзат Мұхамедрайымұлы мен Саниязова Қамажай «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды.
Білікті ұстаз бен өнерлі шәкірттеріне алғыс айта отырып, сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: