Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2021

Нұрғиса Тілендиевтің 95-жылдығы

Биыл, көзі тірісінде қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетіне өшпес із қалдырған, әндер мен күйлерімізді аспаптармен оркестрлік дыбыстаудың үлгісін жасаған талантты тұлға - Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл.  Қазіргідей дүрбелең шақта ел руһын көтеруді, ұлы композитордың шығармашылығын кеңінен насихаттауды, патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамытуды, жас музыканттардың қалыптасуы мен дамуына ықпал етуді, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беруді, көркемдік талғамын тәрбиелеуді, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне тартуды мақсат  еткен халық музыка жанашырлары дәулескер  күйшінің  95 жылдық мерейтойына орай, Алматыда онлайн форматта балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық байқау ұйымдастырған болатын. 
         Бірнеше бағыт бойынша өткен онлайн жарысқа №140 гимназия атынан «Аспапта ойнау» жанры бойынша, мектебіміздің 8-сынып оқушылары «Әлқисса» күйімен өнер көрсетіп, Бердалы Нұрия, Өскенбай Айғаным, Болатұлы Бейбарыс, Алтынов Ерхан, Орал Әмірхан жүлделі І-орын иегерлері атанды.
Еліміздің түрлі өнер майталмандары қатысқан іс-шарада, білім мен талантын тең баптаған жан-жақты, талапты жеңімпаздарымыз түрлі сыйлықтарға ие болып, салтанатты түрде марапатталды. Осы оқушыларды жоғарыда аталған жарысқа дайындап, шығармашылық шабыт пен жеңіске баулыған ұстаздарын құттықтай отырып, алғысымызды білдіреміз.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: