11
февраль
2021
"Daryn.online" білім беру платформасы мен "Qaztest.kz" олимпиада сайты
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесе дайындап, ұйымдастырған функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатындағы Республикалық олимпиадада «Математика пәні» бойынша М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың талапты шәкірттері: Мерей Бекболатқызы жүлделі І дәрежелі дипломмен, Айдана Абайбекова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас та болса білімін таразылап, бәсекеге қабілеттіліктерін шыңдап жүрген мектебіміздің мақтаныштарына құттықтауымызды жеткізе отырып, ғылым айдынында шалқып жүзер зейін мен сәттілік тілейміз!





