Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2021

"Tutor Up" білім беру орталығы

      М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың талапты әрі алғыр шәкірті - Түлепберген Сұңқар Еркенұлы, Tutor Up білім беру орталығы 14.02.2021ж ұйымдастырған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты балалар арасындағы конкурсқа қатысып, сертификат иегері атанса, Республикалық  «Жас Дарын» және «ӨРЛЕУ» порталдарының ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу шығармашылық байқауына қатысып, «Өлең сөздің патшасы» номинациясында үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”, – деп мұғалімдер қауымына үлкен сенім, зор жауапкершілік артқан болатын. Адам баласын ұлы мақсаттарға жеткізетін ұлы күш – білім, оны жас ұрпақтың бойына дарытушы ұстаздар қауымы екені сөзсіз. Шәкірт бойындағы талап пен талпынысын байқап, шығармашылығын шыңдай білген ардақты ұстазымыз Сарварова Халида Рахманбердіқызына алғысымызды білдіре отырып, еңбегінің жеңісімен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: