Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2019

Аналар мерекесіне арналған әсерлі кеш...

Сыйынар ем Ана деген Тәңірге.... Не деген құдіретті сөз... ! М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 7 наурыз күні Аналар мен ару қыздардың мерекесіне арналған 9 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен сынып сағаты дәл осылай аталды. Залды мерекеге сай безендірген, кіріп келгеннен көңілің көтеріліп қалады. Оқушылардың әр өнерге лайық киім киісі, сахна мәдениетін сақтап жүріп-тұрулары, сахна сыртындағы тәртіп сақтаулары, бәріне сынып оқушыларының үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. Сынып жетекшісі Камшат Мәлікқызы жетекшілік ететін 9 «А» сыныбының оқушылары мерекелік кешке толық қатысты. Әр оқушы өз ерекшелігімен, өз өнерімен тәнті етті. Оқушылар әсем ән әуелетіп, мың бұралған бимен сәндеп, әдемі әзілдерімен әрлеп, кештің сәнін келтірді. Қыз тағдырын көрініске қосып, жан тербетер әсер қалдырды. Күлдіре отырып жылатты, жылата отырып, қуантты. Аналарға, қыздарға арнап жырдан шашу шашты. Әдемі әзілдері көңілден шықты. Концерттің соңында оқушылардың сынып жетекшісімен бірге шырқаған әдемі әні өте сәтті шықты. Көрермен болып келген ата-аналар да, ұстаздар да, оқушылар да әдемі кештің біткенін қаламай, қошеметтерін аямай, алғыстарын білдірді. Кеш соңында сөз алған гимназия директоры С.Өскенбайқызы 9 «А» сынып оқушылары мен ата-аналарына, сынып жетекшісіне ұжымның атынан шексіз ризашылығын жеткізді. Жарайсыңдар, 9 «А» сыныбы, шығармашылық шабыттарыңыз шарықтай берсін!















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: