Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2019

Қош келдің, әз-Наурыз!

20 наурыз күні М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 10-сыныптардың ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Концертке оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен тамаша қойылымдар көрсетті. «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Атқа мінгізу», «Қыз ұзату», «Жар-жар» сияқты тамаша қойылымдар көрермендердің көңілінен шықты. Сондай-ақ, оқушылар тақырыпқа сәйкес «Наурыз жыры», «Шақырады көктем» «Қамажай», «Әгигай-ай» сияқты халық әндерін шырқап, «Қара жорға», «Батырлар биін» биледі. Мерекелік кештің құрметті қонақтары ұстаздар қауымы мен мектеп бітірушы түлектер 10-сынып оқушыларына өзздерінің алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: