Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды
13
декабрь
2021

«Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды

     М. Мақатаев атындағы мектепті бітірген түлектердің басын қосу, желілік қоғамдастық құру, түлектердің мектеппен шығармашылық байланысын нығайту, бітірген мектебіне, ұстаздарына деген құрметтерін арттыру мақсатында 2021 жылдың 11-і желтоқсанында ауқымды көлемде «Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды. Бұл күн – гимназия тарихында қалар ерекше атаулы күндердің бірі әрі бірегейі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл, гимназиямыз атын арқалаған ақиық ақын М. Мақатаевтың 90 жылдығы, М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 30 жылдығына орай ұйымдатырылған форумға 2004-2021ж. аралығында бітірген түлектер шақырылып, жаңашаланған заманауи мектеп тыныс-тіршілігі таныстырылды. Гимназияда білім алып жатқан талантты да талапты ізбасар шәкірттер мен үйірме жетекшілері қонақтарға арнап мерекелік концерт ұйымдастырса, «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері тарих пен әдет-ғұрыптан сыр шертер танымы мен тағылымы мол стенд таныстырылымын жасады. Осы форумды өткізуге ұйытқы болып, демеушілік көрсеткен 2021жылдың жас түлектері 11 «Г» сынып оқушылары мен ата-аналарына, идея авторы мен жетекшісі Темурбаева Сафура Сәлімбайқызына барлық гимназия ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз. 5 жылда бір өткізілетін дәстүрлі форумға айналсын деген ниетпен 2021 жылдың түлектері 7-сынып оқушыларына арнайы жасалған форум эмблемасын табыстаса, ізбасарлары ізгі ниеті мен тілегін айтып, абыроймен қабылдап алды. Шет елдегі түлектер Zoom бағдарламасы арқылы мерекелік концертті тамашалап, көңіл көкжиегіндегі терең толқыныстары мен ризашылығын кеш соңында тікелей эфирден тебірене жеткізді. Ұядан ұшқан түлектердің білім алған қара шаңырағына ат басын бұрып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шарадан алған әсерлерін суреттер керуенінен байқай аласыздар. 
***********
30 жылдық тарихы бар М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 2021жылғы түлектері «Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум аясында, «№140 гимназия түлегіне хат» тақырыбында гимназияның 1-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауын ұйымдастырған болатын. Аталмыш байқауға 50-ден астам эссе келіп түсті. Іректеуден өтіп, қазылар алқасының әділ шешімімен бағаланған эсселер, «Түлекке хат» бұрышына ілініп, көпшіліктің оқуына жол тартты. «Ең үздік эссе» деп танылған жазба жұмысының иегерлері мен жетекшілері, форумда 2021 жылдың 11 «Г» сынып түлектерінің марапаты мен қаржылай сыйақыларына ие болды. 
************
І түлектер Форумы аясында 2021 жылдың түлектері ұйымдастырған «Үздік эссе» байқауының 3-орын иегері атанып, 2021 жылдың түлектерінің 10-10 мыңнан жалпы қоры 20 мың теңгелік сыйақысын иеленген 3 «И» сынып оқушысы Тоқтасын Елдар мен сынып жетекшісі Сейдалиева Раушанды марапаттарымен құттықтаймыз. 
І түлектер Форумы аясында 2021 жылдың түлектері ұйымдастырған «Үздік эссе» байқауында көрермен көзайымы атанып, 2021 жылдың түлектерінің «Ынталандыру» 10 мың теңгелік сыйақысын иеленген 8 «Е» сынып оқушысы Маханов Дидарды марапатымен құттықтаймыз. 
******************
30 жылдық тарихы бар М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 2021жылғы түлектері «Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум аясында, «Біздің сынып» тақырыбында гимназияның 1-11 сынып арасында фото байқау ұйымдастырған болатын. Аталмыш байқауға 86 сынып белсене қатысты. Сынып фотолары Instagram желісіне бірдей уақытта салынып, белгілі бір сағат аралығында дауыс жинау арқылы, сонымен қатар мектеп ішінен құрылған әділ қазылар алқасынының іректеуімен бағаланды. Суреттер «Нұрлы болашаққа жол тартқан білім керуені» стендіне ілініп, көпшіліктің көзайымына айналды. 
******************
І түлектер Форумы аясында 2021 жылдың түлектері ұйымдастырған «Біздің сынып» байқауының 1-орын иегері атанып, 2021 жылдың түлектерінің 25 мың теңгелік сыйақысын иеленген 2 «З» сынып ұланбасы мен сынып жетекшісі Шолпан Жасұланқызы мен 4 «Д» сынып ұланбасы мен сынып жетекшісі Ләйла Өмірзаққызын марапаттарымен құттықтаймыз. 
І түлектер Форумы аясында 2021 жылдың түлектері ұйымдастырған «Біздің сынып» байқауының 2-орын иегері атанып, 2021 жылдың түлектерінің 15 мың теңгелік сыйақысын иеленген 5 «Ж» сынып ұланбасы мен сынып жетекшісі Балнұр Ғалымқызы мен 5 «В» сынып ұланбасы мен сынып жетекшісі Асыл Асқарқызын марапаттарымен құттықтаймыз. 
І түлектер Форумы аясында 2021 жылдың түлектері ұйымдастырған «Біздің сынып» байқауының 3-орын иегері атанып, 2021 жылдың түлектерінің 10 мың теңгелік сыйақысын иеленген 11 «В» сынып ұланбасы мен сынып жетекшісі Айгүл Кеңесбайқызы мен 10 «Г» сынып ұланбасы мен сынып жетекшісі Мырзабекова Ұлпанды марапаттарымен құттықтаймыз. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: