Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» ата-аналардың өнер байқауы
03
ноябрь
2021

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» ата-аналардың өнер байқауы

    Биыл ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған –Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы.«Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той", - деп елбасымыз атап өткендей, осынау мерейтой қарсаңында алып ақын атын арқалаған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұжымы, осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Гимназияға алғаш аяқ басқан 1-сынып балапандарының ата-аналарын мектеп өмірімен таныстыру, шығармашылық белсенділіктерін байқау әрі өнерлерін шыңдау мақсатында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты өнер байқауы өтті. М.Мақатаев әндерін нақышына келтіре орындау, өлеңдерін мәнерлеп оқу, шығармаларынан композициялық қойылым қою бойынша ұйымдастырылған байқауға 30 ата-ана белсене қатысып, өте жоғары деңдейде өтуіне атсалысты. Ата-аналардың өнері мен талпынысына тамсанған гимназия директоры Сәния Өскенбайқызы, таңданысы мен ризашылығын білдіре отырып, ата-аналарды алғыс хатпен марапаттады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: