Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Алғашқы қоңырау

     Биылғы алғашқы қоңырау оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де сағына, асыға күткен қуанышты жаңалықтың бірі болды. Дана халқымыз "Тыңдамаған сөз жетім, басшысы жоқ ел жетім" деп жеті жетімді көрсеткен, сол қатарды сегізінші жетіммен толықтырғандай болдық. "Оқушысыз мектеп жетім"- екен. Бұны пандемиялық жағдайдағы ахуал дәлелдеп бергендей болды.  Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты іс-шара  барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.     
Салтанатты іс-шарамызға оқушылар,ата-аналар  және мектеп ұстаздары бір кісідей ат салысты. #140 атты кемеге қосылған шәкірттерімізге 3 және 4 сыныптың оқушылары ақиық ақынымыздың өлеңдерінен жыр шашу арнап, үлгілі оқушы бейнесін көрсете білді.Сонымен қатар рухтандыратын әндер  мерекелік іс-шарамыздың мәні мен мазнұнын кіргізді. Мектебіміздегі ардагер-ұстаздар бүлдіршендердің жолдары ақ, құтты болсын деген ниетпен ырымдап, тәттілерден шашу шашты. Іс-шарада гимназия директоры Тілеубай Сәния  Өскенбайқызы ақ бата,тілегін айта отырып, 1-ші сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады. Мерекелік іс-шара 2021-2022 оқу жылының "Тәуелсіздік жетістіктері" атты алғашқы тәрбие сағатымен жалғасын тапты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: