Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай шахматтан жарыс өткізілді
25
ноябрь
2021

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай шахматтан жарыс өткізілді

                                          Анықтама
        2021 жылдың 22 қарашасында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 1-11 – сынып оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай шахматтан жарыс өткізілді. 4 «Г»  сынып оқушысы Джумаканов Қуаныштың ата-анасы Тюбаев Серік Джумаканович пен Чайзаданова Гүлсім Сейтқалиқызының демеушілігімен ұйымдастырылған сайысқа 50 оқушы қатысты. Шахмат жарысы олимпиадалық жүйеде өткізілді. Жарыс барысында өте жақсы ойын көрсетіп, соңғы турға өткен оқушылар: Марат Ерасыл – 5 «Е» сыныбы, Абат Жанади – 3 «А» сыныбы, Асанов Марғұлан – 9 «В» сыныбы, Джумаканов Қуаныш – 4 «Г» сыныбы және Сауданбек Ескендір – 9 «Е» сыныбы. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Жүлделі орындарға қаржылай сый-сияпат көрсетілді.
            Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген оқушылар: 
            І орын – 5 «Е» сынып оқушысы Марат Ерасыл, 35 мыңдық сертификат табысталды.
            ІІ орын – 9 «В» сынып оқушысы Асанов Марғұлан, 20 мыңдық сертификат табысталды.
            ІІІ орын – 3 «А» сынып оқушысы Абат Жанади, 15 мыңдық сертификат табысталды. 
            Сонымен қатар, жарыс барысында өте жақсы ойын көрсеткен 9 «Е» сынып оқушысы – Ербозова Диана, 4 «А» сынып оқушысы – Сағатбек Зерде, 9 «Е» сынып оқушысы – Сауданбек Ескендір қаржылай марапаттарға ие болды. Жарысқа қатысқан барлық ойыншыларға мадақтама қағазы беріліп, тәттілер табысталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: