06
февраль
2026
Есіңе мені алғайсың
Мұқағали айлығының қорытындысы ретінде өткен «Есіңе мені алғайсың» атты жабылу кеші гимназиямызда ерекше әсермен өтті. Кеш барысында ақиық ақынның жүрекке жететін жырлары оқылып, ән-жырға ұласқан сырлы кеш көрерменге рухани қуат сыйлады.
Оқушылар ақын шығармалары арқылы адамгершілік, сағыныш, елге деген сүйіспеншілік сияқты мәңгілік құндылықтарды терең сезініп, өнерлерін ортаға салды. Мұқағали жырын қастерлеп, айлық аясындағы іс-шараларға белсенді қатысқан барлық оқушыларға, жетекшілік еткен ұстаздарға және қолдау білдірген ата-аналарға алғысымыз шексіз.
Мұқағали мұрасы – мәңгілік. Жырлары жүректе жаңғырып, ұрпақ санасында өмір сүре берсін!





