Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2024

"Көрісу күні - Амал мерекесі"

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз халқымыздың еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, көктем мен жаңарудың мерекесі.
15 наурыз күні ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы 140 гимназияда" 10-сынып оқушылары бірлесе отырып, көрісу күніне орай "Армысың, әз-Наурыз" атты мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік думанда шебер сомдалған Қызыр ата бата беріп, елге тілегін айтты. Осы мерекеге қатысты айтылатын Наурызша, Наурыз төл, Накрыз көже, Наурыз төл, саумалық  ұғымдары викторинада сұралып, көрермен тарапынан ақпарат берілді. Сондай-ақ, жас жігіт пен бойжеткен арасындағы нәзік байланысты білдіретін "Селт екізер", "Ұйқыашар" салт-дәстүрі де сомдалды.  "Наурыз -думан, " Шақырады көктем" , "Наурыз" әндері орындалды. 10-сыныптардың сынып жетекшілері Венера Уәлиқызы, Сәуле Амангелдіқызы , Еркеназ Сәкенқызы , Сымбат Спандиярқызы,Назгүл Бақтиярқызы "Есіңе алғайсың" әнінің сазында , гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Ермек Жексенбайұлының сөзіне жазылған  жыр-шашуды тарту етті:Түсінсең егер шәкіртім,Білімді берген алғайсың.Сонда сен көкте әрдайым
Қалықтап, ұшып, самғайсың.
Жетістік болса жеткенің
Арттағы жолға қарарсың.
Үйреткен өнер, білімді
Ұстазды еске аларсың
Сонда сен ,мені, есіңе ал,
Сонда сен ,мені, есіңе ал,

Оқушым мені сағынсаң
Амандық сұрап келгейсің.
Балалық дәурен, бал шаққа
Мектепке келіп енгейсің.

Аман бол саған тілерім,
Өмірді сүріп, байқарсың.
Қатеңнен сабақ алғанда
Ұстазға алғыс айтарсың.

Мерекелік іс-шарадағы елімізді мекендеген ұлттардың билері, қазақтың ұлттық ойындары, ұлттық сал-дәстүріміз жайындағы қойылым, хор , домбырашылар бәрі-бәрі де -Көрісу күнінің шырайын келтіріп, көрерменді шаттыққа бөледі.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: