Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы
23
май
2022

«Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы

    «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы аясында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 2022  жылдың   21 мамыр күні Алматы қаласы Білім басқармасы  және Педагогикалық Ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты: білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің бойына ұлттық тәрбиені сіңіру.
        Конференция барысында  Педагогикалық Ғылымдар Академиясының «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасының бағыттары негізінде әзірленген баяндамалар мен ұсыныстар талқыланды. Конференцияға Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ғалымдары, сарапшылары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, орта білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, танымал педагогтер қатысты. 
      «Саналы ұрпақ тұжырымдамасын» және соның аясында жазылған 13 әдістемелік нұсқаулықты тәжірибеде қолдану барысында қол жеткізген әрі күтілетін нәтижелері жайлы ақпарат берілген конференция пленарлық және секциялық отырыстардан тұрды. 
     Саналы ұрпақ тәрбиесіндегі адал кәсіпкерлік, еңбек құндылықтары, оқушыларға кәсіби бағдар жұмысын іске асыру жолдары, қоғам талабына сай баланың мамандық таңдау, тұлға ретінде қалыптасуы қарастырылған әдістемелік ұсынымнан ұстаздар қауымының алары мол. 
      «Ұлттық және отбасы құндылықтары мен мектептің тәрбиелік ортасын дамыту жолдары», «Салауатты өмір салтының маңыздылығы және оны қалыптастыру жолдары», «Ақпараттық сауаттылық және кәсіптің өмірлік маңызын ғылыми-практикалық тұрғыдан саралау» және т.б тақырыптарда диалогтық алаңдар мен шеберлік сыныптарда мектептің кең ауқымды міндеттерін шешудегі практикалық тәсілдер мен тиімді құралдар ұсынылды. 
       Ұстаз – тұтас ұлтты тәрбиелейтін, саналы ұрпақ қалыптастыруда аянбайтын тұлға. Баланың жастайынан тұлғалық қарым-қабілетін дамыту, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру, «Ұстаз – Оқушы – Ата-ана» үштігінің жұмысын жандандыру  –тұжырымдаманың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Конференция соңында білім беру мекемелерінің басшыларын осы тұжырымдама аясында жұмыс жасауға шақырды.
     Секция гимназия ұстаздары мен оқушылары әзірлеген «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбындағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нусупова Асем Бекқызы оқушылардың өнеріне ерекше ризашылығын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: