Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
21
май
2022

«Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

     М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда Алматы  қаласының Білім басқармасы және Педагогикалық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. 
Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, «Саналы ұрпақ тәрбиелеу» жобасының ғылыми жетекшісі  Асқарбек Қабыкенұлы конференция жұмысына қатысушыларды «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру» тұжырымдамасымен таныстырды. Тұжырымдама аясында мектептерде нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған 13 әдістемелік нұсқаулық дайындалып, барлық қазақ және аралас мектептерге таратылды.
«Ұрпақ болашағы – ұстаздан» демекші, өскелең ұрпақ тәрбиесінің тамырын ұлттық құндылықтар нәрімен сусындату қашанда басты назарымызда.
Қазіргі кезде саналы ұрпақ тәрбиесі болашағымыз үшін ең асыл, ең қымбат құндылық. Осы ретте мектебіміздің бүгінгі қызметі жаһандық білім мен ұлттық тәрбиеге негізделген.    
Жоба аясында өткізілген конференцияның пленарлық және секция отырыстырында 30-дан аса баяндама жасалды. Тұжырымдама мен әдістемелік нұсқаулықтарды іске асыру мақсатында гимназиямыз тірек мектебі болып бекітіліп, алдағы уақытта мектеп директорлары мен орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған семинарлар өткізілетін болды.
Конференция жұмысынан кейін гимназия шәкірттері мен мұғалімдері дайындаған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Шараға қатысқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы мектеп өнерпаздарының өнеріне жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: