Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып жұмыс жүргізудің нәтижелілігі” тақырыбындағы семинар
06
апрель
2022

“Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып жұмыс жүргізудің нәтижелілігі” тақырыбындағы семинар

    06. 04. 2022 жыл. Республикалық семинар. Республика көлеміндегі іс-шараны өткізу қаламыздағы М. Мақатаев атындағы №140 гимназияға жүктелген. “Тойдың болғанынан боладысы қызық” – дегендей, жауапкершілікті сезінген мектеп ұжымы ә дегеннен дайындықты бастап кетті. “Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып жұмыс жүргізудің нәтижелілігі” тақырыбындағы семинарға келген қонақтарды мектеп оркестрмен қарсы алды. Тамылжыта түрлі күйде қалықтаған аспаптар үні келген жанның жүрегіне шоқ тастады-ау, сүйсіне тыңдап тұрған көпшілікке қарап-ақ марқаясың. Сағат 9.00-дан тіркеу жұмыстары басталып, көңіл-күйдің белгілері жазылған алмалар қонақтарымызға үлестірілді. Ары қарай мектебіміздің оқушылары мектеп ішімен толықтай таныстырып шықты. Кабинеттерге, мектеп қабырғасындағы стендтерге тоқталып, ондағы жазылған әрбір сөздің астарына үңілді. Сағат 11.00-де мәжіліс залында «Пленарлық отырыс» басталып, гимназия директоры Сәния Өскенбайқызы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы сөз сөйледі. Республиканың түкпір-түкпірінен келген ұстаздарымызға таныстырылым жасап, мектептің тыныс-тіршілігі туралы ой өрбітті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: