Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы
16
ноябрь
2021

«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы

      М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда орта буынға аяқ басқан 5-сыныптардың ата-аналар жиналысы өтті. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы болды. Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың ерекше рөлін айқындай отырып, «Сырласу» студиясын ұйымдастырды. Бүгінгі балалардың қоғамдағы рөлін, жасөспірімдердің кезек күттірмейтін мәселелері талданды. Мектебіміздегі қалыптасқан дәстүр бойынша ата-ана – ұстаз – оқушы үштігі өз жұмысын зор қарқынмен бастады. Жиналыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде, ой-толғау, данышпан дана ғұламалардың бала тәрбиесіне қатысты нақыл сөздеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, ата-аналарымыз бала тәрбиесінде жиі қолданатын дана сөздерімен ортаға бөлісті. Жиналыста түрлі психологиялық тренингтар жүргізілді. Белсенді де батыл ата-аналар ортаға шығып, қыз бен ұл тәрбиесінің маңызын айқындай түсті. Әр түрлі жағдаяттарға ата-ана ретінде және ұстаз ретінде де жауап қайтарды. Ал жиналыстың екінші кезеңі, «Сырласу» студиясында өтті. Бұл студияның қадірлі қонағы ретінде мектебіміздің директоры Сәния Өскенбайқызы және 5-сынып оқушыларының бастауыштағы ұстаздары Лаззат Тұрысбекқызы мен Айкүміс Сайлауханқызы болды. Қонақтарға түрлі мәселелер төңірегінде бейнебаян көрсетілді. Осыған орай ата-аналар өздерінің ой-пікірімен, студия қонақтары жеке пайымдарымен бөлісіп, ортақ талқылады. Бейнебаяндар баланың өмірі және қауіпсіздігі, әлеуметтік желілердің кері әсері, бос уақыттың тиімділігі, жаман әдеттер сынды т.б өзекті тақырыптарды көтерді. Осы сынды мәселелердің алдын-алу үшін ата-ана және ұстаз не істеу керек деген сауалды қозғады. Жиналыс соңында ата-аналардан кері байланыс ала отырып, мектеп директоры сөз алды. Жиналыс өте әсерлі, танымды, жан-жақты әрі заманауи деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: