Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық «Бала дауысы» талантты балалар фестивалі
11
октябрь
2021

Ұлттық «Бала дауысы» талантты балалар фестивалі

                      Ұлттық «Бала дауысы» талантты балалар фестивалі
    Алматы телеарнасының ұйымдастыруымен, «Алматы бала фест» талантты балалар фестиваліне қатысып, ерекше дарынымен талайды тамсандырған М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың өнерлі шәкірті, Лим Ариана шығармашылық өміріндегі жаңа белесімен қуандыруда. Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән конкурсының YI маусымы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында, 2021 жылғы 5 қазанда "Жас Отан" жастар қанатының конференц-залында "Бала дауысы-ән бұлағы" жаңа балалар әндерінің жинағының тұсаукесері өтті. Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдастыруымен 5 жыл қатарынан телеэкран назарынан көрініп жүрген "Бала дауысы" конкурсы, Қазақстанның мәдени өміріндегі ең ірі оқиғалардың бірі болып табылады. Аталмыш жобаға өз үлесін қосып, ерекше дарынымен тамсандырып жүрген шәкіртіміз - Ариана, 
Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы "Бала дауысы" байқауының гала-концертіне жолдама алды. Талапты да талантты шәкіртімізге шығармашылық табыс пен жеңіс тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: