Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әрбір бала - бір жұлдыз, Жарқырауына жәрдем бер»
27
сентябрь
2021

«Әрбір бала - бір жұлдыз, Жарқырауына жәрдем бер»

      Қыркүйек айының жиырма сегізінші жұлдызында гимназиямызда «Әрбір бала - бір жұлдыз, Жарқырауына жәрдем бер» атты 5 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті. Негізгі көтерілген тақырып оқушыларымыздың орта буынға бейімделуі мен білім көрсеткіштері. Бала тәрбиесі бір ғана шаңырақтың ғана емес, күллі қоғамның міндеті. Осы жиналыста 5-сынып ата-аналары мен сынып жетекшілерінің, сонымен қоса пән мұғалімдерінің ынтымақтықта, тығыз байланыста «бір мақсат, бір мүдде» үшін жұмыс жасап жатқандарының куәсі болдық. Жиналыста ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, бөлісіп отырды. Жиналыс барысында түрлі психологиялық тренигтер де өтті. Жиналыс соңында мектеп директоры Сәния Өскенбайқызы сөз сөйлеп, қорытындыласа, ал ата-аналарымыз жылы лебіздерін білдіріп жатты. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: