Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ТІЛЕУБАЙ СӘНИЯ ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ" АТЫНДАҒЫ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ І ОЛИМПИАДА ӨТТІ.
23
май
2025

"ТІЛЕУБАЙ СӘНИЯ ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ" АТЫНДАҒЫ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ І ОЛИМПИАДА ӨТТІ.

Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы, Бостандық ауданы Білім бөлімі қолдауымен ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК-де "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ ТІЛЕУБАЙ СӘНИЯ ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ" АТЫНДАҒЫ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ І ОЛИМПИАДА ӨТТІ.

🔹ОЛИМПИАДАНЫҢ МАҚСАТЫ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТАЛАНТЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН БАЙҚАУ, ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ, ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ.
Физика - жай ғана пән емес, ол - әлемнің жүрек соғысы. Әр формула - ойдың ұшқыны, білімнің таразысы. Білім саласына өлшеусіз үлес қосқан, шәкірт жүрегіне жол тауып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасы бар Сәния Өскенбайқызы туралы "Үздік педагог" атты кітаптың да тұсауы кесілді. Гимназия ішінен "Тілеубай Сәния Өскенбайқызы" атындағы кабинет ашылды. Кабинеттің ашылуы салтанатын, кітаптың тұсауын лентасын - Мұқағалитанушы Шаяхмет Имашұлы, Мұқағали атамыздың ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы, Еңбек ері Аягүл Төреқызы, Ардагер ұстаз Орынша Жолмұратқызы кесті.
Аталған оқу кабинеті - жай ғана оқу бөлмесі емес, ой мен ізденістің, шабыт пен жаңашылдықтың мекені. Кабинеттің атмосферасы оқушыны ынталандырып, мұғалімді шабыттандыра түсетіндей. Ашылу салтанатынан кейін гимназия өнерпаздары - қадірменді қонақтар мен қатысушы ұстаздар қауымына өз өнерлерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, Білім басқарамасының атынан грамоталармен, сертификаттармен марапатталды.
Сәния Өскенбайқызы атымен аталған олимпиада, кабинет - ұстаз еңбегінің мәңгілік ескерткіші, ұрпаққа бағыт берер шамшырағы!

🖋️ӨНЕГЕЛІ ЕҢБЕК ЖОЛЫ - ІЗБАСАР ӘРІПТЕСТЕРІНЕ ҮЛГІ СӘНИЯ ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫНДАЙ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫМЫЗ КӨБЕЙЕ БЕРСІН!

 

















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: