Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
декабрь
2023

Ұстаз болу - жүректің батырлығы

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы
Ұстаз болу — адамның асылдығы.

1) Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық дамуы мен шығармашылық жұмысын жандандыру, инновациялық және шығармашылық белсенділігін қолдау мақсатында Алматы қаласының CLIL бойынша кіріктірілген сабақтар фестивалінің аудандық кезеңінде № 140 гимназияның командасы І орынды иеленді. Команда құрамы:
1) Көшеген Мақсат - физика пәні мұғалімі;
2) Бектенбай Дәулетжан - биология пәні мұғалімі;
3) Бейсен Айжан - информатика пәні мұғалімі;
4) Байгонырова Ақерке - химия пәні мұғалімі;

2) Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткізілген "Бабалар аманаты" байқауының "Айтсын деп ақиқатты тіл берілген" ақындар айтысы бойынша оқ бойы оза шапқан № 140 гимназия ұстазы Ибрагимов Алтынбек І дәрежелі дипломмен марапатталды.

3) Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Химия пәні жас мұғалімдерінің олимпиадасы - 2023" байқауында Ақерке Сапарәліқызы ізденісі мен озық тәжірибесі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: