Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Айтыс- сөздің майданы" атты қалалық жас ақындар айтысы
20
февраль
2021

"Айтыс- сөздің майданы" атты қалалық жас ақындар айтысы

      Алматы қаласының Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырған "Айтыс- сөздің майданы" атты қалалық жас ақындар айтысында мектебіміздің 11 В сынып оқушысы Серік Елдос үздік атанды. Сөз бәйгесінде қарсыластарын қапыда қалдыра білген Елдос, өзінің нағыз бабындағы жас айтыскер ақын екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қиыннан қиыстырып, сүбелі сөз, салмақты ой айта білген шәкіртіміздің өнерін әділ-қазы алқасы жоғары бағалады. Серік Елдостың айтыс өнеріне баулыған Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нукарбан Бексұлтан Нұрланұлына арнайы алғыс хат табысталды. Шәкірттеріміздің толағай табыстары көп болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: