27
январь
2021
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ел Президентінің Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы Жарлығына сәйкес ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізуді мақсат-мұраты етіп ұстанған ІІІ Республикалық «Абайтану» олимпиадасы жуырда облыстық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары атанған қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдардың 9-11 сынып оқушылары арасында өткен болатын.
Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың негізгі мақсаты М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға жол сілтеу зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан іріктеліп, жалпы 122 оқушы қатысқан білім додасына, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның, 9-сынып оқушысы, қалалық «Абайтану» олимпиядасының жеңімпазы қатысып, Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазып, М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген үзіндінің қай тарау, бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырып әрі роман мазмұнынан «сократтық» сұрақтарына мүдірмей жауап беріп, логикалық деңгейі тексерілген екі айналымдық сайыста, үздік білімі мен жазу шеберлігін көрсете білген - Кистаубаева Сымбат, ІІІ дәрежелі диплом мен сертификат иегері атанып, сыйлыққа дыбыс ұлғайтқыш алды.
Ұлы ақынның мол мұрасымен сусындап, Абай қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеріп, Абай мұрасын насихаттауға, оқушылардың Республика көлемінде өткен білім жарысына қатысуына ықпал еткен М.Мақатаев атындағы №140 гимназия директоры Сәния Өскенбайқызына, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сафура Сәлімбайқызы мен Дүйсенова Гүлзағира Қазтайқызына ерекше алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.