Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2023

"Жетістік формуласы" қалалық семинар

Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Жұмабекқызы Қасымбектің бастамасымен М.Мақатаев атындағы №140 гимнзаияда 27-қазан күні «Жетістік формуласы» тақырыбында  қала мектептеріндегі жас мамандарға арналған семинар өтті. Бұл семинардың мақсаты –  жас педагогтерге қолдау көрсете отырып, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету. 
Кейбір жас мамандар өзінің потенциалын көрсете алмай, соңына дейін бармай, мұғалімдікті тастап кетіп жатады. «Жанамын деген жүрекке от беремін» деген ұранмен ұйымдастырылған семинар ұстаздық қызметтің қиыншылығы мен жауапкершілігін қатар көрсетіп,  жаңаның өзінен жаңаны іздеп тұратын қағілез XXI ғасыр ұстазын дайындау, темірқазықтай жол көрсету, білім беру саласындағы ұшқыр ойлы, интеллектуалдық қабілеті жоғары, ел игілігі үшін қызмет етуге шығармашыл жастарды қанаттардыру болды.
Ұстаздық – әрқашан зор маңызға ие болған абыройлы іс. Ұстаздық қызмет – жауапты қызмет. Кез келген ұстаз ең алдымен, жас мамандар мектебінен өтетіндігі белгілі. Семинарда жас маманның сөйлеу мәнерінен бастап, өзін-өзі ұстауы, киім-киісі мен шаш үлгісінің бәрі ине жіптен шыққандай жинақы да тартымты болу керектігіне дейін айтылды. М.Ғабдуллиннің «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деген қанатты сөзі осы семинардың ұстанымы болды.
Семинарға Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Айтибек Сандуғаш Тұрсынғалиқызы, Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Роза Ғазизжанқызы, Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің бас маманы Айдарова Фариза Жиенбайқызы және Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Тасмағанбетова Бинегуль Кунтуовна мен Қаласова Жібек Алпамысқызы қатысты.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: