04
ноябрь
2022
"Жас мамандар" форумы
Қарашаның 4-і М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда қалалық "Жас мамандар" форумы өтті. Форумның басты мақсаттары: жас мамандарды қолдау, жастар арасында ұстаздыққа сұранысты арттыру және шығармашылығын шыңдау. Сонымен қатар зияткерлік пен кәсіби қызметтің жаңа түрлеріне ынталандыру, білім саласындағы талантты да талапты жастарды және кәсіби мамандарды бір арнаға тоғыстыру болып табылады. Форум барысында педагогикалық тәжірибе аламасулармен қатар инновациялық идеялар да айтылды.Өзінің саналы ғұмырын ағарту саласына арнаған ардагер ұстаздар өздерінің орамды ойын ортаға салдып, ұрпақ тәрбиелеудегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум барысын «Үздік педагог-2022» жеңімпазы - Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы тізгіндеді. Аталған іс-шара барысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік және педагогикалық шеберлігі ұстаздар тарапынан кеңінен насихатталды. Жас мамандар форумына Бостандық ауданы Білім Басқармасы басшысы, әдіскерлері арнайы келіп, жылы лебіздері мен тілектерін арнады. Гимназия ұстаздары таныстырылым мен баяндамаларын ұсынып, әуезді әрі танымдық кешпен форумның сәнін әсемдей түсті.